• Валюта бағамы: USD 409.98 | EUR 462.21 | RUB 5.75 | CNY 58.43 |

«SANALY URPAQ» ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ЖҰМЫСЫ

0

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Sanaly urpaq» фронт-офисінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевтың фронт-офистің мүше-студенттерімен ашық кездесуі өтті, деп хабарлайды http://spiker,kz

Жиынға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Арнат Ұлтанбаев, фронт-офистің жетекшісі Асқар Қадырқұлов, университет факультеттері декандарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, студенттер қатысты.
Р.Төлебаев ТарМУ-дағы «Sanaly urpaq» фронт-офисінің мүше-студенттерінің жұмысына тоқталып өтті. Бұл жерде ол осы кезге дейін фронт-офиспен атқарылған іс-шараларға көңіл аударды, оның жетістктері мен кемшіліктері жайлы әңгімеледі, сонымен қатар клубтың жұмысын ары қарай белсендетуге ұсыныстарын берді.
Өз кезегінде А.Наурызбекова және А.Ұлтанбаев университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасатты қоғамды орнатуға арналған жұмыстардың барысы жайлы айтып өтті. Ал А.Кадыркулов «Sanaly urpaq» фронт-офисінің белсенді студенттерімен атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Жалпы іс-шара ашық форматта өтті, қатысушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға еркін салды, және осы сала бойынша жұмысты алға қоюға байланысты ұсынымдарын айтты.
Жиналыстың аяғына қарай «Саналы ұрпақ» жобасының аясында студенттердің арасында жұмысты жүргізу үшін қатысқандар жаңа көшбасшыны сайлады. Енді осы қызметті «Экономика және бизнес»факультетінің 2 курс студенті Бувабай Дана жүргізетін болады, ал әр факультеттегі «Sanaly urpaq» фронт-офистің көшбасшыларыоның жұмысына атсалысатын болады.

Пікір қалдыру