SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 78.4 | EUR 14.24 | RUB 347.48 | CNY 124.52 |

Азық-түлік бағасына зерделеу жүргізілді

0

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес: Аудан әкімі М.Мұсаевтың 31.03.2021 ж №140 өкімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын зерделеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.


Осы өкімге сәйкес аудан әкімінің орынбасары Е.Амирхановтың жетекшілігімен жұмыс тобы Мойынқұм ауылы бойынша дүкендерді аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу жұмыстары барысында халық жиі тұтынатын 19 азық-түлік тауарларының белгіленген шекті бағадан аспау керектігі туралы дүкен иелеріне түсіндірме жұымыстар жүргізіліп, бірінші жолға ескерту жасалып, келесі жолы айыппұл салынатындығы ескертілді.

Пікір қалдыру