• Валюта бағамы: USD 81.66 | EUR 13.95 | RUB 337.93 | CNY 138.11 |

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы екі ай мерзімге қамалды

0
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторынан қамалды. Бұл туралы Тараз қаласының мамандандырылған терегу сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство басшысына ҚР ҚК 189 бабы яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» деген айып тағылып отыр.  30 қаңтарда қамауға алынған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігінің мәліметінше, басқарма басшысы өз кінәсін мойындапты. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Ж. Сариев осы қызметке 2019 жылдың 24 шілдесінде тағайындалған болатын. Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл ауданында «Аса» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1993-2002 жылдары Жамбыл ауданында «Аса» совхозының товарлы сүт фермасында оператор, «Жеті төбе» шаруа қожалығында жұмысшы, 2002-2005 жылдары Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде кадрлар және запастағы офицерлер есебі бөлімшесі бастығының көмекшісі, аға көмекшісі, 2005-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2014-2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2016-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, 2018 жылдың сәуір айынан бүгінгі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Пікір қалдыру