Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында құқықтық ринг өткізілді.
Іс- шара барысында оқырмандарға сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет беріліп, видеоролик көрсетілді. Оқырмандар арнайы екі топқа бөлініп, сұрақ-жауаптан, мақал-мәтелден жарыс және де тренинг өткізілді. Іс-шара соңында оқырмандарға «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.