• Валюта бағамы: USD 78.4 | EUR 14.24 | RUB 347.48 | CNY 124.52 |

«Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық байқау өтті

0

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай үлкен залда: «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық байқау өтті.

Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы-Мәлік Мұқашев байқауды ашып, іс-шараның мәні мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға тілегін арнады. «Поэзия! Менімен егіз бе едің?! » атты бірінші кезеңде үміткерлер ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса,
«Есіңе мені алғайсың.» атты екінші кезең ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындауға арналды. Байқауға 27 үміткер қатысып, нәтижесінде, бірінші кезең бойынша-мойынқұмдық Балнұр Бекқұлы, көкжелектік Нұргүл Абылай, назарбековтық
Эльвира Махан 3-орынды иеленсе, хантаулық Әлфия Сарыбаева, мыңаралдық Қарашаш Мәкеш 2-орынды алды. Күшамандық Мәдина Кемелбек пен хантаулық Сержан Туғанбайға 1-орын берілді. «Бас жүлдеге» биназарлық Бақытжан Қияш ие болды.
Екінші кезеңде, ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңіне жазылған Елена Әбдіхалықованың әнін орындаған назарбековтық Дана Ақылхан 3-орынға іліксе, бірліктік Аружан Жолдасбек- Мұқағали ақынның «Туған өлке»өлеңіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әнімен 2- орынға шықты. А.Кенжебекова әуен шығарған, «Өмір сүрейік алмасып!» (немесе Жас қайың) әнімен, биназарлық Іңкәр Жеңіс 1-орынды жеңіп алды.


Сондай-ақ, Аудандық орталық кітапханасы мәдениет үйінің фоэсінде «Мұқағали-мәңгілік өмір» атты мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
Байқаудың мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Пікір қалдыру