2020 жылдың 27 ақпанындаҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және «Атамекен» ҰКП бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына IV республикалық кәсіпкерлер форумы өтті.
Форумда Агенттік пен «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді 2019 жылы іске асыру жөніндегі Жол картаның нәтижелерін қорытындылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықтың жаңа бастамаларымен таныстырды.
Агенттіктің Төрағасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлерді қолдау, қорғау екендігін атап кетіп, ол жұмысты бұдан әрі жандандыру үшін Бизнесті жүргізудегі парасаттылықты мызғымас стандартқа айналу қажет деді. Форум соңында Агенттік пен «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді 2020 жылы іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі болды.
Форум аяқталғаннан кейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р. Төлебаев Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары И. Киммен кездесіп, аталмыш Жол картаны жүзеге асыру механизмін келісіп, біздің өңірге тиесілі басты салаларды анықтады.
Сондай-ақ өз Р. Төлебаев 2018 жылда өз бастамасын алған «Protecting business and investments» жобасы қазіргі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен қарқынды жүзеге асырылуда екендігін және жобаның алдыңғы уақыттағы жұмысы күшейту үшін және өңірдегі бизнес ахуалды одан әрі жақсарту үшін екі мекеме арасындағы қарым қатынасты нығайту қажеттілігін атап кетті.