• Валюта бағамы: USD 76.41 | EUR 13.91 | RUB 325.77 | CNY 133.46 |

Ыстық суға зәру болған тараздықтардың жанайқайын басшылық шешіп берді

0

Ыстық суға зәру болған Тараз қаласы тұрғындарының жанайқайын тиісті мекеме шешіп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы tarazy.kz сайтына сілтеме жасап. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1873694-ystyk-suga-zru-bolgan-tarazdyktardy-zanajkajyn-bassylyk-sesip-berdi.html

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Тараз қаласының тұрғындары жаз айларында көбінесе ыстық сусыз отыратын. Оның салдарын түрлі әкімдер уәде беріп шешпей кеткен көрінеді. 2019-20 жылдардағы жылыту маусымы ағымдағы жылдың 20 сәуірінде аяқталып, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақтығы 184 күнге созылған. «Таразэнерогорталық» акционерлік қоғамының тұтынушылары бойынша жылу қазандықтары мен жылу жүйелерінде жоспарланған жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 1 шілдеден бастап ыстық су беру тоқтатылған. Елдің наразылығын тудырғаннан кейін 1 тамызда қалаға қайта ыстық су берілді. «Таразэнергоорталық» басқарма басшысы Бақберген Мәуленов қазіргі таңда қандай жұмыстар істелініп жатқаны туралы айтып берді. «Бүгінгі таңда жылы маусым кезде кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз тиіс. Қыстың күні үйлері тонып отырғаннан гөрі жаздың дайындық жүргізгеніміз дұрыс деп есептеймін. Ал өзіміздің тарапымыздан мекеменің есебінен ҰОС ардагерлері мен мүгедек балалары бар тұрғындарға жылу беруді тегін ету мәселесін шештік. Осындай топта 453 абонент бар. Айына мекеме бес миллионға жуық қаражатты өз мойнына алып отыр», — дейді ол. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1873694-ystyk-suga-zru-bolgan-tarazdyktardy-zanajkajyn-bassylyk-sesip-berdi.html

Пікір қалдыру