• Валюта бағамы: USD 79.43 | EUR 13.99 | RUB 326.15 | CNY 128.45 |

«Халық заңгері» акциясы жалғасады

0

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қордай ауданында «Халық заңгері» акциясын өткізді. Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев аудандық емханада жергілікті тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Алғашқы 2 сағаттың ішінде 20 – ға жуық азамат қамтылды.

Тұрғындар тарапынан келіп түскен мәселе  – мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан көптеп түсті. Өйткені, медициналық-еңбек сараптамалық комиссиясының қорытынды отырысында шығарылған шешім сенімсіздік туғызады, дейді. Яғни, облыс орталығынан келген білікті дәрігерлер құрамына тәуелсіз бақылаушыны енгізуді сұрайды. Өткен жылы тиімділігін көрсеткен жоба,  ағымдағы жылы жалғасатын болды.  Айта кетсек, былтыр 188 өңір тұрғындары қоғамдық қабылдаудан кеңес алып, оның ішінде 25 тұрғынның мәселесі оң шешімін тапқан. Басты мақсат осы науқан арқылы — халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар және жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Пікір қалдыру