• Валюта бағамы: USD 77.31 | EUR 13.82 | RUB 345.95 | CNY 137.02 |

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

0

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мәден Мұсаев аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға ауданның 6 азамат өтініштерін білдіріп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Олардың басым көпшілігі баспана, ауылшаруашылығы және әлеуметтік көмек мәселесімен жүгінді.

Қабылдауға келген әр азаматты зейін сала тыңдаған аудан әкімі Мәден Мұсаев айтылған өтініштерінің барлығына нақты, толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ өз өтініштерімен келген 6 азаматтың ұсыныстары аяқсыз қалмайтынына сенім білдірді. Қабылдауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Б. Сатыбалдиев және аудан әкімдігінің тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.Қабылдау санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Пікір қалдыру