• Валюта бағамы: USD 77.31 | EUR 13.82 | RUB 345.95 | CNY 137.02 |

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0


🔹Жамбыл облысы әкімінің өкімімен (30.07.2021 ж. №169 Ж/Қ) Досаев Қайрат Әскербекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
🔹Жаңа басқарма басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов таныстырды.
🔹Қайрат Досаев 1965 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
📍Еңбек жолы: 1987-1996 жж. — Алматыдағы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері, «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры.
📍1996-1998 жж. — Алматы қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бөлім директорының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, директорының орынбасары.
📍1998-2001 жж. -ҚР төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі.
📍2001-2007 жж. — Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысы табиғи монополияларды реттеу және қорғау және тарифтер басқармасының бастығы, төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі.
📍2007-2014 жж. — «Мекен» ЖШС директоры, «2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ вице-президенті, департамент директоры, «Қазспортинвест»АҚ вице-президенті болды.
📍2014-2017 жж. — Қордай ауданының әкімі.
📍2017-2019 жж. — Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі.
📍2019 жылы 24 сәуірінен – Тараз қаласының әкімі.
2019 жылы 20 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін — Жамбыл облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Пікір қалдыру