• Валюта бағамы: USD 81.66 | EUR 13.95 | RUB 337.93 | CNY 138.11 |

Аягүл Мантай: Кейіпкер Клод әйгілі суретші Поль Сезанның прототипі

0

Aiagul-Mantai-2wwhyfg99yqi3hmhoa5h56Эмиль Золяның «Шығармашылық» атты романы бар. Басты кейіпкері суретші Клод әйгілі суретші Поль Сезанның прототипі. Досының романын оқыған соң, Сезанн қатты ренжіп, Золямен араласпай кетеді. Себебі, Золя кейіпкері – суретшінің атаққұмарлығын, мапсаптығын, танымалдылық үшін, атақ үшін, шын мәнінде, өнер үшін бәрін құрбандыққа шала алатындығын асқан шеберлікпен жазады, қысқасы, суретшінің «ішек-қарнын ақтарып» тастайды. Тіпті, суретші өліп жатқан жалғыз баласының қазандай басына сүйсініп қарап тұрып, суретін салып, «Өлі бала» картинасын көрмеге қойып, тобырдан қошемет пен құрмет күтеді. Бірақ, тобыр өнер үшін (бәлкім, атақ үшін, өзінің «Мендігінің» қажеттілігін өтеу үшін) өлермендік пен асқан жанкештілікпен еңбек еткен суретшіні көзіне де ілмейді. Соңында суретші өзі салып жатқан әйелдің сұлулығымен қатты ауырып, (анығы жүйке ауруына ұшырайды) соған қарап тұрып, өзіне қол жұмсайды. Жазушы атаққұмар, талантты суретшінің өнерге шексіз құштарлығын, ол үшін өзін құрбандыққа шалып жібергенін әдемі детальдармен ойнатып, жазады. Таланты шамалы, бірақ, халықпен қарым-қатынаста актерлік қабілеті мықты шығармашылық иелерінің бетпердесін Золя жұлып тастап, олардың шынайы бейнесін жалаңаштап көрсетеді. Осы романды кеше ғана өмірден өткен Оразбек Сәрсенбаевтың аудармасында да (жақсы аударма), орысшасын да оқыдым. Қайта-қайта оқысам да, сол баяғы әсер… жазушы жалықтырмақ түгілі, жағымнан шапалақпен тартып-тартып жібергендей күйге бөленем…
Біздің кейбір жазушылар шығарма біткенше, кейіпкерінің бетпердесін шешпек түгілі, қалың етіп, бетіне бояу жағып қояды. Сосын кейіпкердің бетіндегі бояуын өзің сүртіп, оның психологиясын танимын дегенше, жүйкең шаршайды.

Facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру