«Шөлдала» ауылының тұрғыны Қ есімде азамат карантиндік шараларын шектеуге қарамастан көпшілікті жинап, беташар рәсімін өткізіп, оны әлеуметтік желі беттеріне жариялаған, деп хабарлайды https://spiker.kz
Жиынға танымал жүргізушілер шақырылған. Тараз қалалық полиция қызметкерлерімен үйінің есік алдында көпшілікті жинап, беташар жасап жатқаны анықталды. Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетн қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарымен санитарлық- эпиедемиологиялық тәртіпті бұзғаны үшін іс-қимыл алгоритміне сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жөнелтілді.
Өз кезегінде Қ есімді карантиндік тәртіпті бұзуға жол бергені үшін тұрғындардан кешірім сұрап, өз ісіне өкінішін білдірді.