• Валюта бағамы: USD 78.4 | EUR 14.24 | RUB 347.48 | CNY 124.52 |

Мойынқұм ауылында «Армысың-Әз-Наурыз» концертті өтті

0

Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұм ауылында Наурыз мейрамы бірнеше жерде атап өтілді. Мәдениет үйінің залында «Армысың-Әз-Наурыз» концерттік бағдарламасы Қызыр бабаның батасымен басталды. Мәдениет үйінің фойесінде Домбыра party шарасы мен аудандық қолөнершілер жасаған бұйымдарының көрмесі өтіп жатты. Аудан орталығындағы Спорт кешенінде аудан спортшыларының қатысуымен тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық ойындар өткізіліп жатса, аудандағы білім беру мекемелерінде және кітапханаларда ұлттық салт дәстүрлер дәріптеліп, қыз үзату, құда түсу, тұсау кесу, бата беру, бесік той, сүйінші сұрау т.б түрлі қойылымдар көрсетіліп Наурыз мерекесінің көркін келтіріп жатты.Өткізілген барлық шаралар санитарлық талаптарға сай жасалынды.

Пікір қалдыру