• Валюта бағамы: USD 78.4 | EUR 14.24 | RUB 347.48 | CNY 124.52 |

ШЫМКЕНТТЕ 11 КӨШЕ ҚИЫЛЫСЫНА ОҢ ЖАҚ ӨТКЕЛ САЛЫНАДЫ

0

Осы парақшадан алынды https://www.instagram.com/p/CNmlrjaDOx8/

Шымкентте көлік кептелістерін реттеу мақсатында көше қиылыстарындағы оң жақ өткелдерін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы қалада қолданыстағы 60 оң жақ өткел бар. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде қосымша 45 орынның қажеттілігі анықталып отыр. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, биыл 11 көше қиылысына оң жақ өткел салу жоспарланып отыр екен. Олардың қатарында Т.Рысқұлов-Ж.Шаяхметов, Ж.Шаяхметов-Н.Назарбеков, Арғынбеков-Бәйтереков, Сыпырған ата-Әл-Фараби, Арғынбеков-Өтегенов, Сыпырған ата-Темірлан тас жолы, Т.Рысқұлов-Адырбеков, Т.Рысқұлов-Қазиев қиылыстары бар.
Суреттерді жылжытып, картадан көре аласыздар.

Пікір қалдыру