• Валюта бағамы: USD 380.26 | EUR 423.08 | RUB 5.73 | CNY 54.49 |

Жамбыл облысында екі тұрғынынан бір келіден астам героин заты табылды

0

Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады, — деп хабарлайды Polisia kz.


Кеше, 25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғынының тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді. Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің жазғы ас үйінен табылды.
Сот-химиялық сараптамасының актісіне сәйкес, тәркіленген зат «героин» есірткі заты екені анықталды. Есірткінің ауыр түрі саналатын героиннің жалпы салмағы бір келіден асады.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Пікір қалдыру