«Antikor» орталығында Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Өркениет» қоғамдық қорымен бірге «Ізгілік елшісі» жобасы аясында оқу курсынан өтіп жатқан жастармен кездесу өткізді.
«Өркениет» қоғамдық қоры демеушілер арқылы 40 балаға тегін оқу курстарын ұйымдастыруда. Аталған іс-шараға Департамент тарапынан да қолдау көрсетіліп, оқу курсынан өтіп жатқан оқушылар арасынан 8 — і жолдама алған.
Айтарлығы, 2019 жыл соңында «Ізгілік елшісі» жобасы құрылып, жоба жанында штаб және де мұқтаждар, демеушілер және еріктілер пулын құрылған болатын.
Кездесу барысында жастарға парасаттылық пен адалдық жайында дәріс оқылды. Қазіргі таңда, мемлекеттік орган және кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатылып 66 отбасыға сыйлық және материалдық көмек көрсетілген.
Сонымен қатар, демеушілердің арқасында «Камқор» әлеуметтік дүкені жұмыс жасап, аталған дүкенде еріктілер кезекшілікпен қызмет атқарып келеді. Еріктілер жинаған заттардың әлеуметтік дүкен арқылы желтоқсан-қаңтар айлары ішінде 246 азаматқа 762 келі киім — кешек берілген.