• Валюта бағамы: USD 90.82 | EUR 13.03 | RUB 343.69 | CNY 175.74 |

Маңғыстау облысында нөсерден кейін екі бала шұңқырдағы суға батып кетті

0
Фото: Tengrinews.kz

Маңғыстау облысында нөсерден кейін екі бала қаза тапты. Олар су толған шұңқырға батып кеткен, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған. Жекеменшік үй маңында әжетхана үшін қазылған тереңдігі 1 метр шұңқырға жаңбыр суы толып қалған. Оған 2008 және 2012 жылғы екі бала түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Олар ата-әжесінің үйіне шыққан екен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ құдықтар мен арықтардың бетін жабуға кеңес береді.

Пікір қалдыру