• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Облыс әкімінің орынбасары Талас ауданына жұмыс сапарымен келді

0
Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайханов ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келді,деп хабарлайды Spiker.kz
Сапар барысында аудан әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлы аудандағы бірқатар нысандардың жұмыс барысы мен жай-күйімен таныстырып өтті.
Алдымен Қаратау қаласын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Игілік» көпсалалы кәсіпорнында болған облыс әкімінің орынбасары орталық қазандықтың жағдайымен танысып, нысанды аралады.
Мұнан соң, Билікөл газ тарату станциясында болып, құрылыс барысымен танысты. Құрылысы 2021 жылы басталған жобалық құны 444,4 млн.теңгені құрайтын бұл жоба толығымен аяқталғанда аудан орталығына жақын Майтөбе, Қожағаппар ауылдары көгілдір отынға қосылмақ.
Одан әрі, Берікқара ауылдық округінің орталығы Майтөбе ауылында орналасқан Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде болған облыс әкімінің орынбасары Ерболат Мақсұтханұлы білім ошағының 2022-2023 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын зерделеп, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру