• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

«Тазалық – табалдырықтан басталады»

0
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Тазалықты жанына серік еткен таластықтар бүгін аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Атап өту қажет, бүгінгі сенбілік аясында қала бойынша тазалық жұмыстарына 300-ге жуық адам, 2 техника жұмылдырылды. Тазартылған аумақтар бойынша 5 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар, 2 шақырым арық-атыздардың іші күл-қоқыстан тазаланып, полигонға шығарылды.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру