• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

ЕР ЕСІМІ –ЕЛ ЕСІНДЕ

0

Кеңес одағының батыры Сәду Шәкіровтың 100 жылдық мерейтойы тойланды. Батырдың есімі берілген ауылда арнайы ескерткіш бюсті ашылды. Бұл ескерткіш аудан әкімдігінің қолдауы арқылы  демеушілер көмегімен бой көтерген. Жалпы құны 1,5 млн теңге. Осылай деген ауыл әкімі бұдан бөлек  білім және  мәдениет үйінде батыр ерлігін ұрпаққа насихаттау барысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатқандығын да тілге тиек етті.Көзін көрген қариялар есті естеліктерін айтты. Майдангердің  қыздары да әкесіне деген ел құрметіне алғыс білдірді. Бұдан соң, жиын батырдың өзі туған ауылында жалғасын тапты. Рухына арналып ас беріліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, батырға қалам тербеген ақындар арнасындада мүшайра ұйымдастырылды. Ауданның барлық білім ошақтарынан келген оқушылар жүрек жарды туындыларын көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, атаулы күнде қазақша күрес, кіші футбол, қошқар көтеру сынды жарыстар ұйымдастырылды.  Ал, ұлттық өнерді насихаттау барысында көкпар ойыны да аудандағы ат сүйер азаматтардың басын қосты. Жүле қоры жүлде қоры – 700 000 теңге және 1 өгіз. Ал, 2 жарым млнға жуық қаржы  ұйымдастырылған барлық жарысқа қарастырылған. Оған ауыл әкімінің мұрындық болуымен ауыл азаматтары демеушілік көрсеткен.

Пікір қалдыру