• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Облыстың әлеуметтік–экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан

0

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітов облыстық мәслихат депуттары алдында облыстағы алғашқы жартыжылдықта атқарылған шаруалар бойынша есеп берді. Аймақ басшысының айтуынша өңірге  155,8 млрд. инвестиция тартылып, облыстың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан.

—  Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 31,2 млрд. теңге субсидия қаралды. Бұған қоса, салаға құны 21 млрд. теңге инвестиция тартылып, 16 жоба іске асырылмақ. Ол арқылы 324 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 2,8 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылып, 110 жұмыс орны құрылды.

Ағымдағы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 756,2 мың гектарға орналастырылып, 5,4 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі кезде жиналатын 371,1 мың гектардағы масақты дәнді дақылдар толығымен орылып, жалпы түсім 633,4 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты.

Бұдан бөлек, 1,1 млн.тонна көкөніс дақылдары, 187,5 мың тонна картоп және 795 мың тонна бақша өнімдері өндірілді.

Ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен облыстағы жалпы мал саны 4,5 пайызға артып, 4,5 млн. басты құрады. Жоспар 4,6 млн. басқа жеткізу.

Ет өндірісі 1,8 пайызға, сүт өндірісі 1,5 пайызға артты. Сондай-ақ, 787 тонна ет экспортталды.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласында 161,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,9 пайызды құрады,-деді Нұржан Нұржігітов.

Өңір басшысы облыстағы су жүйелерін қалпына келтіру мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, ол бойынша суармалы алқаптарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын, пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішіндегі экономикалық тиімділік 14,9 млрд. теңгені құрайтынын жеткізді. Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов  әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жайын да ерекше атап өтті.

— Аталған мәселе Үкіметтің үнемі бақылауында. Сонда да,  өз тарапымыздан да  бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылдануда. Атап айтқанда отандық тауар өндірушілермен өндіріліп отырған 10 түрлі тауар 106 ірі сауда дүкендеріне 1410 тонна көлемінде тікелей жеткізілді, ірі сауда желілерімен 10 түрлі тауарға күзгі форвардтық келісім жасалды. Сонымен қатар, 4,2 млрд.теңге айналым қаражатын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар форвардтық әдіспен 32 әлеуметтік павильон арқылы өткерілуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде сауда үстемесін бұзғаны үшін 10 сауда нүктесіне хаттама толтырылды. Күз мезгілінде тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізуді бастадық. Осы атқарылған шаралардың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы бүгінде 2,5 пайыз деңгейінде тұрақталды, — дей келе Нұржан Нұржігітов өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың басым бөлігі облысымызды азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге бағытталғанын баса айтты.

Сонымен қатар  облыста кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 2,6 мың кәсіпкерге 10,5 млрд. теңге шағын несие, 2,6 мың кәсіпкерге 3,3 млрд. теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант (400 АЕК)  бөлінген.

«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 9 жобаны іске асыру мақсатында 2,3 млрд. теңге қаралса, «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 69,6 млрд. теңгеге 187 жоба мақұлданып, 60 млрд. теңгеге 185 жоба қаржыландырылған.

Мәсдихат депуттаттары облыс әкімінің  есебіне оң баға беріп, басқа да мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Нржан Нұржігітов қойылған  сұрақтарға жауап беріп, өзекті  мәселелер кезең-кезеңімен қаралып, шешіліп  жатқандығын жеткізді.

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру