• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

ТАЛАСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

0

 

 

Талас ауданының экономикасы күн санап қарқын алуда. Қай салада болсын, шаруаларда ширақтық байқалып, ісі ілгерлеуде. Бұл дегеніміз аудан экономикасына оң өзгеріс. Мәселен, аудан әкімінің орынбасарының сөзіне сүйенсек, 2022 жылдың 7 айлық көрсеткіштің өзінде жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 36 миллиард 325 миллион 300 мың теңгені құраған. Бұл дегеніміз, 2021 жылымен салыстырғанда 133,7 пайызға артық. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімдері 18 миллиард 652 миллион 600 мың теңгеге өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 5 миллиард 241 миллион 700 мың теңгеге артық орындалған.

Сонымен қатар, ауданда 8 ай ішінде де атқарылған жұмыстар аз емес екен. Осылай деген Медет Уристеновт алдағы жоспарлар да ауқымды екенін айтты. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялар қаңтар-шілде айларында 7 миллиард 307 миллилон 500 мың теңгені құраған. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерінде де өсім жоғары.  Қаңтар-шілде айларында 10 миллиард 650 миллион теңгеге өнім өндіріліп, экспортталған.  Ал, бүгінде ауданда жеке және шағын кәсіпорындар  қатары да көбейген. Олардың сауда тауар айналымы 1 миллиард 899 миллион 600 мың теңгені құрады. Тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 130 пайызға артық орындалғандығын айтқан аудан әкімі орынбасары құрылыс жұмыстарына да тоқталып өтті. Мәселен, қаңтар-шілде айларында 5 миллиард 123 миллион 100 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 110,5 пайызға немесе 487 миллион 200 мың теңгеге артық.  Нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрап отыр. Ал,аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі қаңтар-шілде айларында 12915 шаршы метрді құраса, ол 2021 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 108,3 пайызға көп. Сондай-ақ, Талас ауданы аграрлы аймақ екені мәлім. Сол себепті  ауданда асыраушы сала алшаң басып, нәтижесінде тұрғындардың табысы артып, тұрмысы жақсара түсуде. Ал, өндіріс, өнеркәсіп салалары да үлкен маңызға ие екені даусыз. Өз баяндамасында экономикалық оң нәтижелерді баяндаған Медет Әбдімәшұлы басқа да салаларда өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда оң өзгеріс бар екендігін жеткізді. Басымдыққа ие  басты салалар да тоқырауға түспей, жоғары сапаны міндет етіп келеді деді. Осы орайдағы жұмыс әлі де жүйелі жалғаса беретін болады.

Пікір қалдыру