• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Тұрақтылық – ел экономикасы дамуының басты факторы

0

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Баласағұн» орталық концерт залында мерекелік жиын өтті. Жиынға облыс Жамбыл облысының әкімі қатысып, облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады.

— Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Конституция қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.

Тұрақтылық – ел экономикасы дамуының басты факторы. Бүгінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция сақталып, индустрияландыру, аграрлық сектор мен әлеуметтік салада тұрақты жағдай қалыптасып отыр.

Бұл күн – еліміздің әрбір азаматы үшін ең маңызды және басты мерекелердің бірі.

Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.

Қасиетті Әулиеата жерінің тұрғындары да  демократия мен гуманизм принциптерін жүзеге асырудың кепілі болып табылатын Конституцияның жарқын болашағына сеніммен қарайды.

Барша жамбылдықтарды Конституция күнімен құттықтай отырып, ел игілігіне бағдарланған істеріңіздің жемісті болуын тілеймін!

Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгілік болсын,-деді Нұржан Нұржігітов.

Құттықтау сөзден кейін  облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай бірқатар азаматтар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

 

 

 

 

Пікір қалдыру