• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ, БІРТҰТАС ҰЛТ

0
Талас аудандық орталық кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ, БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, Президент Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы Әділетті Қазақстанды құру екендігі баса айтылып, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, шағын және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясатын енгізу және білім мен медицина саласындағы атқарылатын басым бағыттар талқыланды.
Жолдауды қолдауга арналған басқосуда, алғаш сөз алған Шынар Шеңгелбайқызы Жұмабекова Жолдаудың еліміздің келешек дамуына бағдар беретіндігіне сенім білдіретіндігін тілге тиек етті.
Кездесу барысында ой-пікірлер тыңдалып, ұжым мүшелері Жолдауда көтерілген бағыттарға қатысты ой білдіріп, Президент Жолдауын толық қолдайтындығын жеткізді.

Пікір қалдыру