• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Талас ауданынан Қостанай облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді

0
Талас ауданынан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғашқы гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Гуманитарлық көмек заттарының ішінде тек азық-түлік емес, гигиеналық құралдар мен киім-кешектер де бар.
«Қазақ халқы «төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген сөзді бекер айтпаған. Қостанай өңірінің басына қиындық төнген шақта тек Қостанай жұрты емес, бүкіл республика халқы жұдырықтай жұмылып, ел, ұлт, халық ретінде өзінің керемет бірлігін көрсетуде.
Осы орайда Талас ауданының әкімдігі қиын сәтте көмек қолын созған «Qaratau» қайырымдылық қорына, сондай-ақ, қаладағы «Диас» оптомаркеті, «Арзан Қаратау» сауда орталығы, «Светофор» сауда дүкендер желісі, «Talas Oil» жанар-жағар май бекеті, «Талас Холл» мейрамханасы басшылары мен жан-жақтан көмек қолын созып жатқан жеке кәсіпкерлік иелеріне алғыс білдіреді.

Пікір қалдыру