• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

14 195 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ДӘНДІ-ДАҚЫЛ ЕГІЛДІ

0

Талас ауданы агросаланы негізге алып, экономикалық дамуына да осы ауыл шаруашылығының тигізер үлесі зор,деп хабарлайды spiker.kz

Айталық, Таласта егін және мал шаруашылығы қатар дамып келеді.  Жер емген дихандар мен мал өсірген шаруаларда ширақтық байқалып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш едәуір жоғарылауда.  Жалпы биыл ауданда 2022 жылдың өнімі үшін барлығы 14 195 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бүгінгі таңда Қаратау қаласы маңындағы ауылдарда, яғни Берікқара, Қаратау, Қасқабұлақ ауылдық округтерінің Қаратау жотасында орналасқан масақты дәнді дақылдарының өнімін жинау жұмыстары 100 пайыз аяқталған. Биылғы жылы арпа-бидайдың шығымы 2021 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары дейді дихандар. Егін орағына – 14 дана комбайн, 18 автомашина және тағы да басқа ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Күздік бидайдың орташа түсімі гектарына –14-15 центнерден, жаздық арпа – 10 центнерден айналуда. Күзгі егіс-дала жұмыстарына үкіметтен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысы бойынша жанар жағар май да қарастырылған. Жалпы көлемі 195 тонна бөлінген. Бүгінгі күнге «Таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 65 тонна дизель отыны жеткізіліп, бағасы 204 (литр) теңгеден таратылуда.Ал, көктемгі егіс-дала жұмыстарына дәл осылай  Үкімет тарапынан қажетті 260 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген.

Пікір қалдыру