• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

1 қыркүйек – Білім күні аудан мектептерінде өз дәрежесінде аталып өтті

0
1 қыркүйек – Білім күні аудан мектептерінде өз дәрежесінде аталып өтті.
Сол салтанатты шаралардың бірі — Тамды ауылдық округіндегі Қойгелді батыр атындағы орта мектепте орын алды.
Аталған шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Серимов қатысты. Жиынның алғы сөзін алған Қайрат Маратұлы білім күнімен мектеп ұжымын, ата-аналарды, оқушыларды құттықтап, оқушыларға жаңа оқу жылында жақсы оқып, жаңа бағдарламаны меңгеріп, толағай табыстарға жетуге тілек білдірді.
Мұнан соң, ардагер ұстаз Гүлнар Әзімханқызы сөз кезегін алып, білім саласындағы тың өзгерістерді айта келе, жылы лебізін жеткізді. Ал, мектеп директоры Даурен Сатбергенов мектеп қабырғасында жыл бойында орын алған жаңалықтарымен бөлісіп, ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін көпшілікке жеткізуге асықты.
Мереке соңында алғашқы қоңырау соғу үшін ортаға «Алтын белгіден» үміткер, 11-сынып оқушысы Ақнұр Нұржанқызы және 1-сынып оқушысы Әмина Ғалымжанқызы шақырылып, алғашқы қоңырау соғуымен іс-шара өз мәресіне жетті.

Пікір қалдыру