• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ҰРПАҚ

0

1-қыркүйек –білім күні. Бұл күнде барлық білім ордасы оқушыларға есігін айқара ашты. Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралды. Биыл елімізде  400 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Осылайша, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар да сыңғырлаған қоңырау үнімен табысты. Ал, Талас ауданында барлығы 9774 оқушы білім алады деп жоспарланса, оның ішінде 930 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғашқы рет аттап отыр. Осы орайда аудандағы атқамінерлер білім мекемлеріне барып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды білім күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Осы орайда, салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызы мектеп есігін жаңадан ашқан бүлдіршіндерді алғашқы білім күнімен құттықтап, 11 жылдық білімі арқылы ойы озық ел тірегі болып, елге қызмет етуге үндесе, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Рысқұлбекұлы білім алушыларға бәсекеге қабілетті, шығармашылық қарымы шыңдалған шәкірт ретінде танылуына тілек білдірді. Ал, Талас ауданының Құрметті азаматы Зейнолла Сабыров, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Байұзақ Көлбайұлы, ұстаз-ардагер Данагүл Молдабаева атаулы күнмен құттықтап, жүрек жарды ақ тілектерін көпшілікке арнады.  Іс-шара соңында «Алғашқы қоңырау соғу» салтанаты да өтті. Ол Алтын белгіден үміткер, 11 «А» сынып оқушысы Малика Юлдашева, 1 сынып оқушысылары Жеңіс Айару, Ермекбай Айсана және Рахымжан Қаһарға тапсырылды. Осы орайда, айта кетейік, қабырғасы 1953 жылы қаланған 540 оқушыға арналған білім ордасының сейсмикалық беріктілігін нығайту және күрделі жөндеу жұмыстарына биыл облыстық бюджеттен 207,1 миллион теңге қаражат бөлінген. Мердігер – «ТаразЭлитСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын жүйелі орындаған.

Пікір қалдыру