• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ АЗАЮДА

0

 

Кәсіпкерлер саны арта-тұрғындар тұрмысы жақсарып, әл-аухаты едәуір түзелері анық. Ал, ауданның экономикалық өсіміне де оң өзгеріс беретіні тағы бар. Осы орайда бүгінде Таласта тірлігін тіктеген кәсіпкерлер саны көбейіп келеді. Мәселен, мемлекеттік тарапынан ауданындағы кәсіпкерлерге көп қолдау көрсетілуде. Жалпы 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2 886 субъектісі тіркелген. Бұл сан 2021 жылы – 2745 құраған. Биылғы жылғы санақ бойынша, 183-і шағын-орта кәсіпорын , 1 839-ы дара кәсіпкер болас, 864-і шаруа қожалық. Тіркелген субъектілердің ішінде бүгінде 84,6 пайызы жұмыс істеп тұр.  Жыл басынан бері яғни 7 ай ішінде ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18652,620 миллион теңгені құраған. Яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 5241,7 миллион теңгеге артық немесе 139,1 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі – 99,1 пайыз. Ал, өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемінің болжамы 9721,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 561,0 миллион теңгеге артық немесе 6,1 пайызға артық орындалады, – дейді Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров. Сондай-ақ, жұмысссыздар санын азайту мақсатында да жұмыс жүйелі. Айта кетер болсақ,  аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 3 298, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 469, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 76, дара кәсіпкерлікте 1688 және шаруа қожалықтарында 1065 адам жұмыспен қамтылып, қажетті зейнет ақы қоры жинақталуда.  Ал,аудандағы ірі өндіріс орны «Талас Инвестмент Компании» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысына тоқталар болсақ, жыл басынан бері бұл мекеме 7 942 тонна цианид натрий және 2 222 тонна сульфат аммоний өндіріпті. Сондай-ақ «Талас Инвестмент Компании» ЖШС-мен экспортқа 7 айда цианид натрий 2 792 тонна жіберіліпті. Осылай деген бөлім басшысы басқа да өніріс ошақтарының жұмысы жүйелді деп сендірді. Өнім көлемі де ұлғайып, жыл сайынғы көрсеткіште жоғарылау үстінде екенін тілге тиек етті.

Пікір қалдыру