• Валюта бағамы: USD 90.82 | EUR 13.03 | RUB 343.69 | CNY 175.74 |

Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді

0
Фото: Ярослав Радловский ©

Полиция генерал-майоры жемқорлық бойынша күдікті деп танылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 мамырда Антикор қызметі 1963 жылғы полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған.

«Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деген күдікке ілінді. Сол күні Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Жайлаубек Халықұлы. «Хабар» видеосынан алынған кадр

Тергеу мүддесінде соталды тергеуге қатысты өзге деректер жарияланбайды.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Пікір қалдыру