Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді оқырмандарым!Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Тәуелсіздік – халықтың баға жетпес құндылығы. Еліміз үшін тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ. Бұл күн ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қол жеткен күн. Сондықтан да бұл мереке әрбір қазақстандық үшін ұлы күн. Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, тағылымы терең. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік-экономикалық дамуына меркіліктер де айтарлықтай үлес қосып келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын!Әр шаңырақта сол отбасының мақтанышы болатын, Тәуелсіз еліміздің мерейін көтеретін ұрпақ өссін.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!