• Валюта бағамы: USD 84.39 | EUR 14.76 | RUB 350.6 | CNY 135.98 |

ҚОРДАЙДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛАДЫ

0

Отар ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Ғимарат қолданысқа берілген соң мұнда түрлі мәдени, мерекелік іс-шаралар өтіп, балақайлардың бос уақыттарын тиімді өткізетін үйірмелер ашылуы мүмкін. Мәдениет үйінде заманауи құрылғылармен жабдықталған 180 орындық көрермендер залы, үйірмелерге арналған бөлмелер, әкімшілік кабинеттер мен шаруашылық бөлмелер қарастырылған. Мекеме «Жастар саябағынан» бой көтерген. Жаңа мәдениет үйі ауыл тұрғындары мен жас өнерпаздар үшін тамаша сый болмақ.

Пікір қалдыру