• Валюта бағамы: USD 90.82 | EUR 13.03 | RUB 343.69 | CNY 175.74 |

Жапонияда сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті

0

Жапонияда сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті

Жапонияның Йокогама қаласында сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті. Жарысқа қатысушылардың ең кішкентайы алты айлық нәрестелер болса, ең «ересектері» бір жас төрт айлық ғана сәбилер екен. Ағылшынның The Telegraph басылым бұл бәсекені сәбилер жарысының жаңа рекорды ретінде бағалады. Себебі, жарысқа 601 сәби қатысқан. Бұрын мұндай жарысқа осыншама көп бала қатыспапты.
Жарыстың шарты бойынша сәбилер тек еңбектеп жүрулері тиіс екен. Бірақ, тура мағынасында еңбектеу де емес, жер бауырлап жүру десе де болады. «Марафоншылардың» жарысатын қашықтығы шамамен 3 метрдей болған. Кез келген жарыстардағыдай сызығын ең бірінші болып кесіп өткен сәби жеңімпаз атанатын еді. Жарыс қорытындысында жеңімпазға соңғы үлгідегі фотокамера табыс етілді.
Жалпы, сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өткізу соңғы кездері әлемнің бірқатар елдерінде ұйымдастырылып жүр. Бұдан бұрыңғы бір жарыс Қытайда өткізілген. Оған 451 бала қатысыпты. Йокогамадағы жарысқа дейін Қытайдағы «бәйге» ең көп бала қатысқан бәсеке ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген болатын. Ал, жапондар бұл рекордты бұзды.

Жапонияда сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті

Тағы бір атап өтер жайт, кейде үлкендер мұндай жарыстың талаптарын қиындататын тұстары да бар. Мәселен, біраз бұрын АҚШ-тың Миннесота штатында өткен бір жарыста 10 айлық Беркли Бэйли жарыстан шеттетілген болатын. Себебі, ол еңбектеу кезінде рұқсат етілмеген тәсіл қолданған көрінеді.

Жалпы, соңғы кездері батыс ғалымдары сәбилердің көп еңбектеуі керек екендігін жиі айтып жүр. Англияның Честер қаласындағы Нейро-физиологиялық психология институтының директоры Сэлли Годдар Блит нәрестелердің еңбектеуі, жерде аунап-қунап өсуі дене бітімінің дұрыс дамуына, оқу мен жазу қабілетінің жетілуіне ықпал ететіндігін алға тартады. Ал, Эдинбург университетінің профессоры, балалардың дамуына қатысты жазылған 20 кітаптың авторы Кристина Макинтэйрдің айтуынша еңбектемеген балалар жазу жазғанда қиналып, түрлі қимылдар жасағанда тепе-теңдікті сақтай алмайды екен.

Дерек көзі: Kaznews.kaztrk.kz

Фотолардың авторы: Казухиро Ноги, Франс Пресс агенттігі.

Пікір қалдыру