SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 86.19 | EUR 11.71 | RUB 332.54 | CNY 148.09 |

Тараздық футболшы енді арабиялық клуб үшін ойнай алмайды

0

БАӘ кәсіпқой лигасы мен футбол қауымдастығы жергілікті чемпионатты жалғастыру бойынша мәлімдеме жасады. «Аль-Айн» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бұл команда үшін енді ойнай алмайтын сияқты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Жағдайды билік өкілдерімен сараптап, БАӘ кәсіпқой лигасы футбол қауымдастығымен бірге жарыстарды тамызда жалғастыру туралы шешім шығарды», — делінген лига сайтында. 

Бауыржан Исламханның «Аль-Айн» клубымен келісімшарты 2020 жылы 30 маусымда аяқталады, енді ол келісім ұзартылса ғана ОАЭ чемпионатының аяғына дейін ойнай алады. 27 жастағы қазақстандық футболшы «Аль-Айн» сапына 31 қаңтарда өткен. Исламхан арабиялық клуб үшін ойнаған он матчте бір гол салып, үш нәтижелі пас берді.  

Пікір қалдыру