• Валюта бағамы: USD 87.06 | EUR 12.06 | RUB 355.37 | CNY 156.45 |

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік

0

«Асар» оңалту орталығында Иппотерапияға арналған жабық манеж дайындалуда. Бұл науқас жандардың жыл бойы атқа мініп емделуіне үлкен мүмкіндік.

Иппотерпаия  — жануар терапиясына негізделген түзету оңалту әдісі және арнайы таңдап алынған жаттығуларды қамтитын терапевтикалық атпен жүру. Бұл емдеудің дәстүрлі түрлеріне көмекші әдіс.

    – Иппотерапияға неврологиялық бұзылулары, аутизм спектрі бұзылулары бар балалар, әртүрлі этилогияның артриті, склероз, есту және көру қабілетінің бұзылуы, мінез-құлық бұзылулары бар науқастар, инсульт алған адамдар келіп емделеді.  Бала отырған кезде оның бұлшық еттері  110 түрлі іс-қимыл қозғалыс жасайды. Соған байланысты адамның қан айналымы жақсарып жақсы ем алады. Екі инструкторымыз бар арнайы білімі бар. Одан бөлек балалардың денсаулығын қарап отыратын  медбикеміз бар, — дейді иппотерапия жобасының жетекшісі Сәкен Қабдуллин.

Облысымызда  45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Оларды оңалту бағытында 16 медициналық-әлеуметтік мекеме қызмет көрсетеді.

Дана Дариябекова, қала тұрғыны: – Өзім атқа  кішкентайымнан бастап мінемін. Қазір аяғым дұрысталды. Денсаулығым жақсарды. Оңалту орталығында бұған дейін жабық манеж болмаған. Қыс келіп, суық түсісімен жұмыс тоқтайтын. Онымен қоса ем-дом шаралары да үзілетін.

Жорабек Баубеков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы: – Бүгінгі күні 230-дан астам біздің жас бүлдіршінімізге осы қызметтер көрсетіліп жатыр. 15 бала орта мектепке бару мүмкіндігін алып отыр. 21 бала сөйлей бастаса, 34 баламыз жүруді де үйренді. Бұл оңалту және бейімдеу бағытындағы жұмыстардың үлкен жетістігі деп білеміз.

Бүгінгі таңда мүгедек балаларға иппотерапия өте қажет және сұранысқа ие емдеудің түрі. Жалпы  иппотерапия сабақтарының жас шектеулері жоқ. Атқа міну терапиясына келіп жүрген науқастар жағдайларының едәуір жақсарғанын айтады. Мұны мамандар да растап отыр. Осыған орай иппотерапиямен емдеу әдісі аудандық деңгейде де қолға алынып, Меркі ауданынан ашылды

Пікір қалдыру