• Валюта бағамы: USD 93.9 | EUR 12.21 | RUB 369.07 | CNY 172.53 |

Қала мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «кедергісіз орта» талаптары тексерілді

0

Президентіміз «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасауға, «кедергісіз орта» құруды міндеттеді. Бұл  мүгедектердің құқықтарын іске асыруға, оларға объектілер мен қызметтерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге, өмір сүру деңгейін көтеруге және мүгедектердің қоғамда бірігуіне мүмкіндік береді.

Осы талаптарды басшылыққа ала атырып  қалалық мәслихат депутаты, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен бірнеше нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында мекемелерге орнатылған көтермелі пандустың стандартқа сәйкес келмейтіні, мекеме атауы Брайль қаріпімен жазылмағаны, шақыру тетігінің жұмыс істемейтіні,  арнайы автотұрақ қарастырылмағаны, банкоматтардың мүгедектігі бар тұлғаларға қолжетімсіз екендігі анықталды.  Мүгедектер арбасында отырған адам оңалту орталығына тиісті тротуармен, арнайы көлікпен жетеді. Бірақ, пандус тік немесе мүлдем жоқ болса, мүгедек адамға қолайсыздық туады. Ал, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде күнделікті, еркін қозғалу үшін зағип жандардың  қоршаған ортадағы  қоғамдық көліктерді қолдануы да қолжетімді болуы керек.  Бөгетсіз орта –  бұл физикалық, сенсорлық және ақыл-ойы кемістігі бар мүмкіндігі шектеулі жандардың  қоршаған орта элементтерін еркін қолдануға мүмкіндік беретін орта. Қазіргі таңда мемлекет мүгедектер мен басқа да әлеуметттік тұрғыдан осал азаматтардың құқықтарына қатысты заман талабына сай жаңа заңдар да енгізіліп жатыр.

Осыған орай тексерілген мекеме өкілдеріне аталған кемшіліктерді жыл соңына дейін жою туралы ескерту берілді.

Пікір қалдыру