• Валюта бағамы: USD 93.9 | EUR 12.21 | RUB 369.07 | CNY 172.53 |

Жиында тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға қолдау көрсету туралы атқарылған жұмыстар баяндалды

0

Байзақ ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы болды.  Жиын аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтың басқаруымен өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі  Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Марал Айымбекова отбасындағы тұрмыстық зорлықты жоюға ерлерге, әйелдерге және балаларға қатысты зорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігіне, бостандығына қатысты барлық адамдардың абыройы мен жеке басының дербес құқықтылығына қатысты «Тұрмыс», «Құқық тәртібі» сынды іс-шаралар өткендігін және биылғы жылдың 5 айында аудандық полиция бөліміне отбасылық жанжал туралы 104 шақырту түскендігі турасында хабарлады.

Екінші мәселе бойынша аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Айтқұлов тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға қолдау көрсету туралы атқарылған жұмыстарды баяндады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға облысымыздағы арнайы орталықтарға жолдама берілгендігі және олардың ата-аналарына ерекше балаларын тәрбиелеуде психолог-педагогтардың тарапынан қолдау көрсету мақсатында өткізілген шараларға тоқталды.

Үшінші мәселе  бойынша аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияровтың «Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жастарды спорт мектептеріне тарту шаралары» туралы баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 1 маусымға дейін 41710 адамды, яғни жалпы халықтың 37,5% құрап отырғанын, соның ішінде 11517 адам 14 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, 15642 адам 14-29 жас аралығындағы жастар, 14551 адам 29 жастан жоғары  азаматтар екендігін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған Дәуір Рысбайұлы  күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты  атқарылған шаруаларға оң баға беріп, жауапты мекеме қызметкерлеріне нақты тапсырмалар тапсырды.

Пікір қалдыру