SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Мен өзім… BUESNESS HUB орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпке баулиды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Балалар жылы деп жариялауына орай облысымызда балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай қаламызда балалардың қызығушылықтарын ескере отырып шығармашылық тұрғысынан дамуына, сапалы білім алуына, спортта түрлі жетістікке жетулеріне түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін  орталықтар, мектептерде арнайы құрал-жабдықтармен жасақталған кабинеттер ашылуда. Солардың бірі Мен өзім… «Buesness hub» ерекше балаларға арналған дамыту орталығы.  Байтулеева Балқия Түзеловнаның бастамасымен ашылған бұл орталық Қарасу мөлтек ауданында орналасқан. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктерін ашатын, белгілі бір кәсіпке баулитын,  түрлі бағытта дамуларына мүмкіндік беретін фотомантажер, видеомантажер, тігінші, пішуші, қолөнер мамандықтары оқытылады.

-Әр бала жарық жұлдыз, оның жарқырауына көмектес дегендей, ерекше балаға ерекше қолдау көрсетуіміз керек. Орталықты ашқандағы мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіпке үйретіп, баулу, оларға күш-жігер силап, қоғамда қиындықсыз өмір сүруіне, ортаға қосылуына бағыт-бағдар беру. Өмір ғажайыптарын күтпей, әрбір жетістікке өздерінің жетуіне демеу жасау, болашаққа сеніммен нық қадам басуларына өз үлесімізді қосу.

Бүгінде орталыққа 8 шақты ұлдар мен қыздар  қатынап курстарға қатысып жүр. Арасында 35 жастағы арбада отырған келіншек те бар. Алайда орталыққа келіп кетулерінде қиындықтар туындауда. Себебі инватакси тек 1 топтағы мүгедектерге және ДЦП дертімен ауыратындарға бөлінген. Инватакси біздің орталыққа арнайы бөлінген жағдайда келушілер саны артар еді. Қатынаулары қиын болғандықтан келе алмай жатқандары баршылық, — дейді Балқия Түзеловна.

Орталыққа келген әр баланының қызығушылығы ескеріліп, сол бағыт бойынша жұмыс жасайды. Балалардың қолынан шыққан әрбір зат бүгінде сұранысқа ие.  Сондай-ақ аталған орталықта мүгедек балаларды кәсіпке баулумен қатар оларға кең ауқымда түрлі бағыттағы психологиялық жай-күйінің орнықты юолуына әсер ететін іс-шаралар да өткізіледі.

Пікір қалдыру