• Валюта бағамы: USD 87.06 | EUR 12.06 | RUB 355.37 | CNY 156.45 |

Нұр-Сұлтанда LRT сүріле ме? CTS компаниясы видеоға түсінік берді

0
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда «LRT тіректерін сүріп жатқан ер адамның» видеосына CTS көлік компаниясы түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі мен мессенджер қолданушылары таратып жатқан видеода ер адам LRT конструкциясын сүріп жатқанын айтады.

CTS баспасөз қызметіндегілер ақпаратты жоққа шығарды, олар видео 2021 жылы түсірілгенін айтты.

«Бүгін LRT конструкциялары бұзылып жатыр деген видео белсенді тарап жатыр. Бұл видео былтыр күзде түсірілгенін ресми мәлімдейміз. Видеода қытайлық консорциум құрылыс ағаштары үшін технологиялық негізді (алаңды) талдау үшін жалдаған техниканың жұмысы көрсетілген. Елордада LRT тіректерін бөлшектеу жұмыстары жүргізілмейді», — деді компания өкілдері.

Айта кетейік, қаңтардың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын сынға алған болатын.

«LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. (…) Бұл алғашынан қате жоба. Оңтайлы шешім қабылдау керек, бұза салу ақша мен уақыттың жоғалғанын білдіреді», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Пікір қалдыру