SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 86.19 | EUR 11.71 | RUB 332.54 | CNY 148.09 |

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

0

Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық орталық кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің З0 жылдығы аясында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің лентасын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сабыров қиды. Көрменің мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл, Социалистік Еңбек Ері Ж.Қуанышбаев, Ж.Жабаев, М.Мақатаев, Ә.Бөкейханов, К.Ахметова, Ы.Алтынсарин, О.Сүлейменовтың мерейтойларына арналып, оқырмандарға жыл бойы қажетті ақпараттар алуына, өмірі мен шығармашылықтарымен танысуға мүмкіндік жасау және насихаттау.

Пікір қалдыру