• Валюта бағамы: USD 90.82 | EUR 13.03 | RUB 343.69 | CNY 175.74 |

Балалар жылының берері көп

0

 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте балалар жылын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов баяндама жасап, балалар жылын өткізу жөніндегі облыс әкімдігінің ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бекітілгенін тілге тиек етті. Ол жоспар  «Білімді бала», «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Бала қорғау», «Балаларға қызмет», «bala_time.kz» секілді сегіз бөлімнен тұрады.

Іс-шаралар жоспарының «Дені сау бала» бағыты бойынша мектеп асханаларында балалардың ыстық тамақпен қамту үлесін арттыру көзделген.

Биылғы оқу жылында 1-11 сынып аралығында жекелеген санаттағы 47601 балалар бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 23508-і  бастауыш сынып оқушылары (1-4 сынып).

Әсіресе, білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау – басты назарда. Қазіргі таңда облыстағы 28 арнайы ұйымда ерекше білім беру қажеттілігі бар 6403 балаға (81%) қызмет көрсетілуде.

Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды100 пайыз білім және тәрбиемен қамтуға қол жеткізу керекпіз. Бұл бағытта жұмыс жасаймын, орталық ашамын деушілерге қолдау көрсетуге тиіспіз,-деген облыс әкімі осы тұрғыда жұмыс жасайтын 28 ұйымның жұмысының сапасына талдау жүргізуді тапсырды.

Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға да айрықша назар аударылуы керек, қаншама шағын спорт алаңшаларын салып, үйірмелер ашып жатырмыз. Клуб, кітапханалардың да мүмкіндіктерін барынша пайдалану маңызды. Мектептердегі спортзалдар да кешкісін, демалыс күндері балаларға қолжетімді болуы шарт.

Біз балалардың мектептен кейінгі бос уақытын ұтымды ұйымдастыра білсек, көптеген мәселелердің алдын-алар едік,-деді Н. Нұржігітов.

 

Пікір қалдыру