• Валюта бағамы: USD 84.39 | EUR 14.76 | RUB 350.6 | CNY 135.98 |

Кітап-сарқылмас рухани қазына

0


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінде кітапхана меңгерушісі З.Нартбаеваның ұйымдастыруымен «Кітап- білім бұлағы» тақырыбында Қордай ауданы, Кенен ауылының тумасы, аудандық ардагерлер кеңесі мүшесі, «Дала перзенті» кітабының авторы Дүкенбай Сегізбаевпен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Шара мақсаты кітаптың адам өміріндегі орны, жас буынға жергілікті ақын-жазушыларды насихаттау болды.
Колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Нуртаева сөз алып «Надан мен қас болғанша, кітаппен дос бол», деп кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болатынын, кітап білім шуағы екенін айта келе адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы екенін жеткізді. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен – кітап екенін айтады кеш ұйымдастырушысы З.Нартбаева. Осыдан кейін сөз алған кеш қонағы Д.Сегізбаев білімгерлерге өзін таныстырып,
«Дала перзенті» кітабының шығу тарихын және балалық шағынан бастап кітаппен дос болғанын және «Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы» кітабындағы өңір тарихы туралы жазған еңбегі жөнінде айтып өтті.
Кездесуде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Қ.Сегізбаева іс-шараға қатысушыларға ізгі тілегін жеткізсе, К1-120 тобының білімгерлері кітап туралы өлеңдерді жатқа айтып, көріністер көрсетті.
Сонымен қатар, З.Нартбаева кітаптарға саяхат-биографиялық шолу жасап, жергілікті ақын жазушылар К.Әзірбаев, К.Әлімжан, М.Тлебаева, З.Әбдімәлікова, М.Әбілғазинардың шығармашылығы турасында айтып өтті. Кеш соңында қадірлі қонақ Д.Сегізбаев домбырамен ән шырқап, жиынға қатысушылармен бірге естелік суретке түсті.

Пікір қалдыру