SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 90.82 | EUR 13.03 | RUB 343.69 | CNY 175.74 |

Қазақ батырларына арналған интерактивті ойын

0

Қазақ батырларына арналған интерактивті ойын

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын тойлау аясында тұңғыш рет қазақ батырларына арналған интерактивті ойын ұйымдастырылды.

«Dostyk Plaza» ойын-сауық орта­лы­ғы­ның алдында қонақ­тарға арналған киіз үй орнатылып, қазақ үйдің іші сымсыз ки­нетикалық медиақабырғалармен қам­та­масыз етілген технологиялық кеңістік тү­рін­де жабдықталған. Керей мен Жәнібек хан­дар өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп шы­ғып, Моғолстан билеушісі Есенбұғадан кө­мек сұрайтыны тарихтан белгілі. Ойын­ның барысы бойынша сол Есенбұғаның хан ордасына көмек сұрау туралы жа­зылған хатты жеткізу қазақ батырына табысталады. За­манауи технологиялық ойындардың көмегімен бала­қайлар батырдың кейпіне еніп, қазақ хандарының аманатын ке­лесі хандыққа жеткізу керек болады. Ол кеңіс­тіктегі адам қозғалысын сезетін сенсордың кө­мегімен жүзеге асады.
Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) және Success K ст­ра­тегиялық коммуникациялар агент­тігінің қатысуымен әзірленген жобаның басты міндеті – жастардың бойына пат­риоттық сезім ұялату және тамыры терең қа­зақ тарихына деген қызығушылығын арт­тыру. «Бұл жобаға тек жаңа техно­ло­гия­ларды пайдаландық. Кейбір бұрын-соңды қолданыста болмаған технологиялар алғаш қолданылып тұрғаннан кейін біраз техни­ка­лық қиындықтар болды» деп атап өтті NURIS ғылыми қызметкері Қайрат Айт­паев.
Бұған дейін Астана, Қарағанды қала­ла­рында таныс­тырылымы өткен жоба Ал­ма­тыдағы ойын-сауық орталы­ғының алдында үш күн бойы тұрады. Ұйымдастыру­шы­лар­дың сөзіне сенсек, осы жобаға қыруар қа­ра­жат кеткен. Алдағы уақытта бұл интерак­тив­ті акция-инсталляцияның басқа қа­­ла­лар­да өтуі үшін демеушілердің көмегі ке­рек. Балаларға арналған отандық ин­те­рактивті ойындардың көбірек жасалғаны дұрыс. Бірақ  жасалған дүние қолда­нысқа енсе нұр үстіне нұр болмайтын ба еді? Әйт­песе, қыр­уар қаражат жұмсалған жоба­лар­дың бар ғұмыры үш күн­нен үш қалада та­ныстырылым өткізуге ғана жарағаны ма?

Айко ТӨКЕН, Success K стратегиялық коммуникациялар агенттігінің директоры:
– Бүгінгі балалар тарихи кітап оқып, та­рихқа қатысты деректі фильмдер көрген­нен гөрі әртүрлі компьютерлік ойындар ой­нап, теледидарға телміргенді көбірек қа­­лайды. Бірақ ұлттық тарих қашанда ке­лер ұрпаққа жіті үйретілуі қажет.  Биыл жыл басынан бері аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өскелең ұрпақтың патриоттық сезімі мен тарихқа деген қызығушығын оятар, оның үстіне кі­тап немесе деректі фильм емес, заманауи дүние жасауды жоспарлаған болатынбыз. Назарбаев университеті жанындағы NURIS-пен бірігіп жасөспірімдер мен ба­ла­ларға арналған барлық жаңа заманауи тех­нологиялар қолданылған отандық ин­терактивті ойын жасап шығардық. Бұл ойын арқылы кез келген бала өзін батыр се­зіне алады, сондай-ақ, миссияны орын­дау барысында бірқатар тарихи мәліметтер біле­тін болады.

Айдана Нұрмұхан

Дерек көзі: aikyn.kz

Пікір қалдыру