SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

ЖАМБЫЛДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ШЕБЕРІ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

0

Павлодар қаласында 23-31 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру Істері комитеті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының (17, 19, 21 жас) жекелей чемпионаты өз мәресіне жетті. Классика, рапид және блиц түрінен ұйымдастырылған байрақты бәсекеде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан және еліміздің 13 облысынан іріктелген 243 спортшы кім мықтыны анықтады. Жамбыл облысының құрамасы сапынан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өнер көрсеткен Әлдібай Нұрбол Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Айта кетейік, алтын жүлде жолында Түркістандық Жандарбек Саяттан басым түскен болатын.

Пікір қалдыру