SPIKER.KZ ақпараттық-сараптамалық портал
  • Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Карантин талаптарының сақталуы күнделікті бақылауда

0

Мойынқұм ауданы әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері аудандағы карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында рейд жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.


Кезекті рейдтік іс-шарада мобильдік топ мүшелері сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде және тамақтану орындарында, тойханаларда санитарлық талаптар мен маскалық режимінің сақталуын қадағалаесккерды.


Рейд жұмыстары барысында обьектілерде ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады. Барлық нысандарда сатушылар маска, арнайы қолғап және санитайзермен қамтамасыз етілген. Жамбыл, Мойынқұм ауылдарындағы қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрген тұрғындарға ескерту беріліп, хаттама толтырылды.
Еліміздің барлық аумағында коронавирус инфекциясының көбейіп, науқастар саны күннен-күнге артуына байланысты арнайы топ мүшелері карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертті.
Сондай-ақ, тұрғындарға карантин талаптарын ескермей, құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандағы рейд жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру