• Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Балаларды тегін үйірмелермен қамту өзекті мәселе

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес өтікізді.  «Достық» үйінде өткен басқосуға өнім берушілер мен ата-аналар қатысты.

Нұржан Нұржігітов балаларды қолдау, дамыту – мемлекеттің басты бағыттарының бірі екендігін баса айтты.

— Жобаның маңыздылығы өте жоғары. Бірақ өнім берушілер түрлі бұзушылықтарға жол бермей, талапқа сәйкес, нақты балалар санымен жұмыс істеуі қажет. Өсіріп көрсету, өтірік ақпар беруге жол бермеуіміз керек.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қабілеттерін дамыту бағытында шаралар жалғасады. Әсңресе ерекше балаларға ерекше қамқорлық танытуымыз керек. Бұл тұрғыда мемлекет, жергілікті билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Сондықтан, ашылып жатқан көптеген спорт кешендері, бюджеттік ұйымдардағы түрлі үйірмелердің мүмкіндігін кеңінен пайдалану керекпіз, — деді Н. Нұржігітов.

Облыс әкімі бюджет мүмкіншілігі ескеріле отырып, жобаның жалғасатынын, есептеулер жүргізіліп, қалыптасқан берешектердің өтелетінін жеткізді. Ол үшін қосымша қажеттілікті қаржыландыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл  мәселеге байланысты министрлікке хат жолданып, бюджеттік өтінім тиісті комиссия қарауына ұсынылған.

Өнім берушілердің жұмысын бақылау бойынша зерделеу шаралары жалғасатын болады.

Пікір қалдыру