• Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Инклюзивті білім берудің балаға оң әсері

0

Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу. Жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата –аналарын белсенділікке шақыру, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарын арнайы қолдау. Осындай қолдау аймақтағы 444 жалпы білім беретін мектептің 88% — да көрсетіледі. Осы бағыт балалардың оқуда жетістікке жетулеріне ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.

Тараз қаласындағы И.В. Панфиолв атындағы №39 мектеп гимназиясының 4 сынып оқушысы Ислам Ерболат церебральді сал ауруына байланысты үйде оқып келген. Бүгінде ол мектепте инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша  оқиды.

  • Баламның үйде емес, мектепте білім алғаны қатты қуантады. Білім берудің инклюзивті тәсілі, басқа балалармен қарым қатынас баланың денсаулығы мен көңіл күйіне оң әсерін беріп отыр. Сонымен қоса қаламыздағы «Асар» сауықтыру орталығындағы иппотерапияға да барамыз. Атқа міну Исламға қатты ұнайды. Орталық қызметкерлерінің балаға деген қарым-қатынасы оның әлеуметтік тұрғыдан бейімделуіне жақсы ықпал етіп жатыр. Сол үшін де осы орталықты ашып, мүмкіндігі шектеулі балаларға үлкен жағдай жасап жатқан облыс басшылығына, «Асар» оңалту орталығының қызметкерлеріне, инклюзивті білім беру тәсілі арқылы мектепке бару мүмкіндігін тудырып отырған білім басқармаларына алғысым шексіз, — дейді Исламның анасы.

«Асар» бірлестігі төрағасының орынбасары Әйгерім Дәулетбаева:

— Ислам жалпыға білім беретін мектепте инклюзивті білім беру тәсілі бойынша оқытылады. Инклюзивті білім беруді метептен емес балабақшадан бастау керек. Ерекше бала сауықтыру жолдарын балалармен бірге ерте бастаса, қоғамда сау балалардың тарапынан болатын  озбырлықтар азаяр еді. Осы себептен мен баланы қоғамға бейімдеудің бұл тәсілін балабақшадан бастау керек деп ойлаймын.

Исламның сынып жетекшісі Гүлсара Тұрсынованың айтуынша, бала өте қабілетті, математикаға жақын. Сыныптастарымен жақсы қарым – қатынаста, достары көп.

  • Инклюзивті оқытудың басты мақсаты балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Осындай тәсіл қаламыздың мектептерінде жүргізіп жатқандығы біз үшін үлкен жетістік дейді «Асар» оңалту –сауықтыру орталығының қызметкерлері.

 

 

Пікір қалдыру