• Валюта бағамы: USD 88.32 | EUR 11.08 | RUB 348.14 | CNY 169.95 |

Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды

0
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша мәміле саны күрт азайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді, наурызбен (67 801) салыстырғанда көрсеткіш 22,5 пайызға азайды», — делінген хабаламада.

Сатып алу бойынша ең көп мәміле Қарағанды облысында — 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, 6 583 және 5 900 шарт. Наурызда да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығы саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір — Солтүстік Қазақстан облысы — 958.

Бюро мәліметінше, қазақстандықтардың көбін көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, барлығы — 38 149 мәміле.

«Көппәтерлі үйлердегі 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз — 13 мың. Жекеменшік үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген», — делінген хабарламада.

Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 12 пайызға азайған.

Пікір қалдыру