• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Жаңа жұмыс жаңа мүмкіндік

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Жамбылдықтарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру туралы баяндады. Оның айтуынша, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адам тартылады деп жоспарлануда. Жыл басынан бері 12290 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, оның 12038-і жұмысқа орналастырылған (6216-сы тұрақты).

Өңірлік карта аясында 2022-2025 жылдары аралығында облыста 79730 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облысты дамыту  бағдарламасы аясында  2022-2025 жылдары аралығында жеке инвестициялық жобалар шеңберінде14827 жұмыс орнын ашу көзделген.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсарту бойынша республика деңгейдегі көрсеткішінің төмендегін сынға алып, қажетті қаржы қаралғанын, тек жұмыстарды нәтижелі ұйымдастыру, үйлестіру керектігін атап өтті.

— Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашу туралы тапсырмасы орындалу керек,-деп талап етті Н. Нұржігітов.

Пікір қалдыру