• Валюта бағамы: USD 90.45 | EUR 12.09 | RUB 349.13 | CNY 175.65 |

Ерекше жандарды қолдау орталығы ашылды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялады.  Осыған орай билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында көптеген игі шаралар жасалынуда. Соның бірі  Тараз қаласындағы  ерекше балаларға арналған дамыту орталығының ашылуы.  Бұл «Business hub» деп аталатын орталық ерекше балалардың қоғамнан тыс қалмауы үшін түрлі бағытта  жұмыс істейді. Атап айтқанда, тігінші,  пішуші,  видеомонтаж,  фотомонтаж,  қолөнерші  мамандықтары бойынша қысқаша курстар оқытылады.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі Ержан Жылқыбаев, мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың ата-аналары,  қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі орталықтың ашылуымен құттықтап,  бұл орталық  мүгедектігі бар азаматтардың  алдағы уақытта өз кәсіптерін ашуға,  болашаққа сеніммен қарауға үлкен септігін  тигізетінін жеткізіп,  игі іске қолдау білдірген жандарға алғысын білдірді.

Орталықтың  ашылуына Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығы  барынша атсалысты.  Қауымдастық төрайымы Мерует Лештаева болашақта  бұл мекеменің  мүмкіндігі әлі де молаятындығын айтып, қала кәсіпкерлерін осындай игі шаралардан қалыс қалмаулрына  шақырды. Балапандардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі екендігін де тілге тиек етті.

Пікір қалдыру